Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы осыдан бірнеше ай бұрын «Өз ойым» бағдарламасында пәктігін «саудалаған» қыздың қазіргі жағдайы туралы айтты.
«Сот шешімі шыққанша, бұл менің осы іске қатысты соңғы жазбам болсын. Эмоциядан бөлек, нүктені сот шешімі қояр. Ал хабарға қатысқан қыздың жағдайын уайымдаған қауымға! Ол өзінің ағаттықпен, жастықтың желімен қателік жасағанын мойындағанын білесіздер.
Өзімен де, жақындарымен де осы күнге дейін байланыстамыз.Сабағын жалғастыруда. Жаңа оқу орнында білімін шыңдауға атсалысқан жанашыр барлық азаматтарға алғыс білдіреміз», - деп жазды ол.
Еске сала кетейік, бойжеткеннің бағдарламада шоу жасағанын әзілкеш Нұрболхан Шарапов дәлелдеп, арты үлкен шуға айналған болатын.