$ 442.05  474.14  4.74

Алматыда ішінде төрт адам бар УАЗ көлігі отыз метрлік жардан құлады

Трагедияның қалай болғанын полицейлерге УАЗ көлігінің жүргізушісі айтып берді.

Ішінде төрт адам бар УАЗ көлігі отыз метрлік жардан құлады. Үш адам жарақат алған, біреуі оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Трагедияның қалай болғанын полицейлерге УАЗ көлігінің жүргізушісі айтып берді. Ол дәрігерлер тексерген соң апат болған жерге қайта оралды.

Оның айтуынша, олар көлікпен таудағы сазды жолмен жүріп келе жатқан. Кенеттен жол опырылып, жермен бірге көлік жардан құлаған.

Жүргізуші мен екі жолаушы көліктен шығып, төртінші адамды алып шыққан. Ол өзгелерге қарағанда ауыр жарақаттанған. Алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Алайда бұл еш нәтиже бермеген. Ер адам жедел жәрдем бригадасы жеткенге дейін көз жұмды. Өзге жолаушылар ауруханаға жеткізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы