$ 494.87  520.65  4.91

Шымкенттік жігіт елордалық «чайка» қыздарға қалай жем болғанын айтып берді

Арманның сөзінше, ол тек ырымдап алған ақшасынан айырылып қалғанына өкініпті.
Фото: love-stars.ru
Фото: love-stars.ru

Нұр-Сұлтанға туған күнін атап өтуге келген шымкенттік Арман есімді жігіт, елордалық "чайка" қыздардың құрбаны болып, түксіз қалған. Ер-азамат айлакер арулар тіпті ұялы телефонын алып кеткенін әңгімелеп берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шымкенттік жігіт елордаға жиі келетінін сөзге тиек етті. Алайда дәл мұндай сорақы жағдаймен алғаш рет кездесіп отырмын дейді ол. 

"Жазғы еңбек демалысымды алып, биылғы туған күнімді елордада атап өтейін деп ойладым. Алдын ала ұшаққа билетімді де алып қойғанмын. Келген соң осындағы достарыммен кездестім.
Олар кешкісін мейрамханада дастарханға алдын ала тапсырыс беріп, сонда бардық. Жас болған соң, іштік, биледік, өтірік айтпай-ақ қояйын, қыздармен де көңіл көтердік. Сөйтіп би алаңында бір бойжеткенмен таныстым.

Ол қызбен кеш бойы бірге араласып, ол менен қалмай жүргені есімде. Ақыр аяғы біз досымыздың үйіне бардық. Ол жерде әлгі қыз менің әмиянымдағы ақшадан бастап, ұялы телефоныма дейін алып, қашып кеткен.
Бәрін тек таңертең білдік. Достарым да аң-таң болды. Астананың қыздары дәл осындай болады деп ойламаппын. Бірақ бұйырмай тұрған ақша болу керек, осымен барлық жамандық кетсін деп өз-өзімді жұбатудан басқа амалым қалмады", - дейді ер азамат.

Арманның сөзінше, ол тек ырымдап алған ақшасынан айырылып қалғанына өкініпті.

"Өкініштісі әмиянымда бала күнімнен бастап ырымдап берген ақша да жүрген еді. Мәселен мектеп бітіргенде берген жүз доллар және т.б. деген сияқты. Солардан айырылып қалғаныма ғана қатты өкіндім", - дейді кейіпкер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары