Ресейге қарасты Башқұртстанның Исмаилово ауылында бір жасар Тимур деген бала жоғалып, бірнеше күннен кейін оның өлі денесі табылды. Сәбиді анасы өлтіргенін мойындады. Ресей тергеу комитетінің мәліметінше, күдікті әйел қазір қамауға алынған, деп хабарлайды Zakon.kz Life-ке сілтеме жасап.
"2019 жылдың 29 тамызына қараған түні күдікті өзінің бір жасар баласын қылқындырып өлтіріп, содан кейін үйінен аулақтау жерді қазып, баланы көмген", - деп хабарлады Башқұртстанның тергеу комитетіндегілер. Жауап алу кезінде 28 жастағы әйел бұл істі мойындап, нәресте денесін қай жерге көмгенін көрсеткен.
Айта кетсек, екі күн бойы ауыл тұрғындары жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен Тимур деген баланы іздеген. Анасы сәбиді түнде бесікке бөлегенін, таңертең тұрғанда ол жоқ болғанын айтқан. Кеше таңертең бір жасар Тимурдың өлі денесі табылды.