$ 494.87  520.65  4.91

Бақсыға барған келіншек сүйіктісімен бірге бола алмайтынын естіп налып жүр

Бақсы жігіттің ата-анасының олардың үйленуіне жол бермейтінін сөз етіпті.

Ажырасқан келіншек орда бұзар жасқа келген жігітпен көңіл жарастырғанын сөз етті. Айтуынша, ол болашағын болжамақ болып бақсының көмегіне жүгініпті. Алайда білгірдің жауабы оның көңілін көншітпеген деп хабарлайды devushki_nursultana парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Баласы бар келіншек орда бұзар жастағы жігітпен кездесіп жүргенін алға тартты. Оның айтуынша, бақсыға барып, сүйіктісімен болашағын болжамақ болған ол күтпеген жауап естіген. Бақсы жігіттің ата-анасының олардың үйленуіне жол бермейтінін сөз етіпті. 

"Жасым 28-де, ажырасқанмын, ұлым бар. Жуырда ақтөбелік жігітпен кездесе бастадым. Осыдан бірнеше күн бұрын бақсыға барып, болашағымды болжамақ болдым. Ол сүйіктімнің өзі қаласа да, ата-анасы маған үйлендірмейтінін айтты. Бұл сөздер жадымда қалып қойды", - дейді ару өз сөзінде.
Келіншек бақсы сөзінің қаншалықты рас екенін ойлап, бас қатырып жүр.

"Бұл туралы оның өзінен сұраған едім, нақты жауап берген жоқ. Жасы 30-да, жалғыз тұрады. Өзі сымбатты. Енді бақсының сөзі ойландырып қойды. Оның ата-анасы бізге қарсы болуы мүмкін бе?", - дейді кейіпкер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары