$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде көпқабатты тұрғын үйлер енді 4 айда салынатын болады

Үкімет басшысы баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, зауыт 700-ден астам жұмыс орнын құруға жол ашып, жылына 405 мың шаршы метр тұрғын үй салуға мүмкіндік береді.

Үкімет басшысы Асқар Мамин елордадағы ModeX зауытының құрылысымен танысты, деп хабарлайды Sputniknews.kz ақпараттық порталы премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

Салынып жатқан жаңа зауыт астанадағы "Астана – жаңа қала" АЭА №1 индустриялық паркінің аумағында орналасқан.

Модульді үй құрылысы – Германия, Сингапур, Қытай сынды елдерде қолданылатын тұрғын үй салудың заманауи озық технологиясы. Ол ғимараттарды тез, сапалы салуға мүмкіндік береді. Мәселен, таза әрленген 16 қабатты бір кіреберісті тұрғын үй әдетте 12-18 ай салынса, бұл технологиямен үйді небәрі 4 айдың ішінде тұрғызуға болады. Мұндай нәтижеге модульдік блоктардың яғни дайын бөлмелердің арқасында қол жеткізіледі. Олар конструктор бөлшектері тәрізді біртұтас болып жинақталады.

"Құрылыс секторы – Қазақстан экономикасының ең серпінді дамып келе жатқан саласы, өсімі 11,5% құрайды. Бұл жоба халықтың тұрғын үйге қолжетімділігін арттырып қана қоймай, құрылыс индустриясының дамуына серпін береді", — деді Қазақстан премьер-министрі зауыт қызметкерлерінің алдында сөйлеген сөзінде.

Үкімет басшысы баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, зауыт 700-ден астам жұмыс орнын құруға жол ашып, жылына 405 мың шаршы метр тұрғын үй салуға мүмкіндік береді.

Зауыттың бірінші кезеңі осы жылдың 1 желтоқсанына дейін, ал екінші кезеңі – 2020 жылы, үшінші кезеңі 2021 жылы пайдалануға беру жоспарланған.

Кәсіпорында жұмыс істейтін мамандар үшін дуалды білім беру жүйесі қарастырылып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары