Оралда жеңіл автокөлік өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 1 қыркүйек күні Сарыарқа көшесі 51-мекенжайында сағат 06.26-да орын алды.
«Volkswagen Sharan» автокөлігінің мотор бөлігі жанған.
Өртті сөндіруге 7 адам, 1 техника жұмылдырылды. «Тілсіз жау» 07.02-де ауыздықталды.
Зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталуда.
Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, автокөлік 5-6 минутта жанып кетеді және көбінесе көлік иесінің көзінше болып жатады. Мұның негізгі үш себебі бар: 50 пайызы қысқа тұйықталудан, 30 пайыздайы қасақана от қоюдан және 20 пайыздайы қосалқы бөлшектердің тозуынан болады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да колледж ғимаратының опырылып түскенін жазған болатынбыз.