08.12.2015, 11:35

«Ислам мемлекеті» жас содырларды даярлайтын жүйе құрмақ

«Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы болашақ содырларды даярлайтын бағдарлама әзірлеп жатыр. Халифатты дамытуға бағытталған 24 беттік құжатты қолына түсірген The Guardian басылымы осылай мәлімдеп отыр.

Аталған құжатта лаңкестердің қазіргі содырларға, ардагер содырларға және болашақ содырларға арнап бірнеше лагерь құратыны айтылған. «Ислам мемлекеті» жаулап алған елдімекендердегі балаларды бұдан былай өлтіре бермей, өз әскерінің қатарын толықтыру үшін пайдаланбақ. Олар лагерлерде қару ұстауды, атуды үйреніп, әскери тәлімді ардагерлерден алатын болады делінген басылым таратқан хабарламада. Сонымен қатар, лаңкестік ұйым өзі басып алған территорияда денсаулық сақтау, білім беру, өнеркәсіп салаларын да дамытуда көздеп отыр.

The Guardian тілшілерінің хабарлауынша, «Ислам мемлекеті» бухгалтер мамандарына мұқтаж. Кадр тапшылығы салдарынан ұйымның қаражаты бақылаудан шығып қалған. Айта кету керек, ұйымға қаражат негізінен мұнай саудасынан түседі.

Жоғарыда аталған шараларға «Ислам мемлекеті» жайдан-жай барып отырған жоқ. Олардың басты мақсаты Сирия мен Ирак аумағында халифат құру, яғни жаңа мемлекеттің іргесін қалыптастыру болып табылады.