$ 494.87  520.65  4.91

ҚР ІІМ тұрғындардан тіркелген травматикалық қаруларды ерікті түрде қайтаруды сұрап отыр

Травматикалық қаруды азаматардың пайдалануына тыйым салынуына байланысты, ішкі істер органдары 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап аталған суық қаруды тұрғындардан сатып алу жұмыстарын жүргізіп келеді.

Ағымдағы жылғы 10 желтоқсандағы жағдай бойынша республика бойынша азаматтар ерікті түрде жалпы сомасы 2 млрд. 164 млн. теңгеге 42 239 бірлік травматикалық қару тапсырған.

Травматикалық қаруды сатып алу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қазандағы № 1145 қаулысымен бекітілген Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуда.

Ішкі істер органдары ерікті түрде тапсырылған травматикалық қаруды қабылдауды 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асыратын болады.

Осыған байланысты, Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының травматикалық қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсаты бар азаматтарына көрсетілген мерзімге дейін (2016 жылғы 1 қаңтарға дейін) оны ерікті түрде өтемді тапсыру туралы үндеу тастайды.

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Қылмыстық кодекстің 287-бабының 2-бөлігіне сәйкес, травматикалық қаруды заңсыз иемденгені, бергені, өткізгені, сақтағаны, тасымалдағаны немесе алып жүргені үшін азаматтардың қылмыстық жауапкершілігі көзделген (екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады).

Ішкі істер органдарында травматикалық қару иесі ретінде есепте тұрған және оларды 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тапсырмаған азаматтар тұрғылықты және тіркелген мекенжайлары бойынша тексеріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары