03.09.2019, 10:15

Алматыда аурухана дәрігерлерін ұрып кеткен

Баспасөз қызметінің мәліметінше, №7 клиникалық ауруханасының екі дәрігері шағым түсірген.

Полиция өкілдері Алматы қаласы, Наурызбай ауданындағы аурухана дәрігерлерінің соққыға жығылуына қатысты тергеу жұмыстарын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Баспасөз қызметінің мәліметінше, №7 клиникалық ауруханасының екі дәрігері шағым түсірген.  

"Сот отырысы кезінде дәрігерлер алған жарақаттың ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптама нәтижесінен кейін осы дерек бойынша шешім шығады", - деді Полиция департаментінде.