$ 443.85  474.3  4.8

«Жігіттерше»: Ақтауда қыздар жаға жыртысты (ВИДЕО)

Жергілікті басылымның хабарлауынша, қыздар төбелесі Ақтау қаласының 7А ықшамауданындағы TOFU бар-мейрамханасы алдында болған.

Қыздар төбелісінің видеосы әлеуметтік желіде 2 қыркүйекте пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz Lada.kz-ға сілтеме жасап.

Жергілікті басылымның хабарлауынша, қыздар төбелесі Ақтау қаласының 7А ықшамауданындағы TOFU бар-мейрамханасы алдында болған. Қыздардың не себепті жаға жыртысып жүргені белгісіз.

Видеодан екі қыздың бір-бірімен ерегесіп, мәселені "жігіттерше" шешіп жатқанын көруге болады. Ақыры қып-қызыл төбелеске ұласады. Қасындағы басқа қыздар оларды ажыратып әлек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары