Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейрамбек Беспаев Алматы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып сайланды, деп жазады Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Бұл туралы Бақытжан Сағынтаев Instagram-парақшасында жариялады.
"Бүгін, Мейрамбек Бесбаевты мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшім етіп тағайындадым", - деп жазды ол.
Қуанған оқырмандар желіде әншіге ақжарма тілектерін жаудырып жатыр. Пікірлер арасынан Мейрамбекті басқа жерде көргісі келетіндер де табылып жатты.
"Мейрамбек сеніміңізді ақтайды", "Дұрыс қылдыңыз", "Құтты болсын", "Гәккуге жіберіңізші, пәлелердің көзін құртсын", "Мәкеңе жарасады", "Айлық төлей ме?", - деп жазды желі қолданушылар.