$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда бойжеткенді автобус басып кетті: ол жансақтау бөлімінде жатыр

Қалалық қоғамдық денсаулықты қорғау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, бойжеткен №7 ауруханаға жеткізілген.

Алматыда автобус басып кеткен бойжеткен жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Қалалық қоғамдық денсаулықты қорғау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, бойжеткен №7 ауруханаға жеткізілген. 

«Науқас №7 клиникалық ауруханаға жеткізілді. Оң жақ бөксесі мен жіліншігінің еті жыртылып кетіп ауыр жарақат алған. Бойжеткен жан сақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр деп бағаланып отыр», - деді баспасөз қызметінен. 

Айта кету керек, бұл оқиға бүгін болған. Таңғы 8 шамасында 45 маршрут жүргізушісі Өтеген батыр көшесімен оңтүстік бағытқа бұрыла берген кезінде жаяу жүргіншіні басып кеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары