$ 494.87  520.65  4.91

Мұнай бағасы тағы төмендеді

Кешегі саудада Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 40 доллардан төмендеді, деп жазады Азаттық радиосы.

Сауда аяқталар тұста мұнай бағасы бір пайызға арзандап, 40 доллар 26 центті құрады. АҚШ-та өндірілетін WTI маркалы мұнай бағасы 37 доллар 51 центке дейін арзандады. Brent маркалы мұнай 40 долларға дейін соңғы рет 2009 жылы - қаржы дағдарысы шарықтау шегіне жеткенде түскен.

Кейбір сарапшылар алдағы жылда да мұнай бағасы арзанда береді деп болжай бастады. АҚШ энергетикалық ақпарат агенттігі мұнай бағасына жасаған болжамын 50 доллар 89 центке дейін төмендетті. Bank of America сарапшылары мұнай бағасы 48 доллар болады деп болжайды. Сарапшылар мұнай бағасына жасаған болжамдарын әлемде мұнайдың сұраныстан кәдімгідей көп мөлшерде өндірілуіне байланысты төмендетуге мәжбүр.

Бұған АҚШ-та тақтатастан мұнай өндіру көлемі кәдімгідей азаяды деген болжамның іске аспауы да себеп болып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары