$ 494.87  520.65  4.91

Ақмолалық кәсіпкер бірнеше жылқыны атып өлтірген

Ақмола облысында бірнеше жылқыны атып өлтірген күдіктіні полицейлер қамауға алды. Жануарларды қырып салған азамат осы өңірдің 38 жастағы кәсіпкері деп жазады KTK.

Оқиға желтоқсан айының басында орын алған. Күдікті жайылып жүрген жылқыларды бірінен соң бірін атып, арам өлтірген дейді телеарна тілшілері. Өлген 6 жылқының барлығы асыл тұқымды, төртеуі бүгін-ертең төлдейін деп отырған биелер екен. Ал, жылқышылар болса бұл уақытта үйлерінде ұйықтап жатқан.

Кәсіпкер дереу қолға түсті және өзінің жасаған қылмысын толықтай мойындап отыр. Ол мұндай әрекетімен малшыларды жазалағым келді дейді. Айтуынша, жылқылар оның егістік алқабында жайылып, орылмаған арпаны таптап тастаған.

"Мен эмоцияға берілдім, бірақ, сонда да сөйлесу үшін малшыларды іздеп бардым. Ешкімді таппаған соң жылқыларын атып тастадым" дейді кәсіпкер.

Ұсталған азамат жаз бойы малшыларға өтініп, жылқыларын егістік алқаптан аулақ ұстауын айтқан екен. Енді ол үлкен сомада айыппұл төлеуі немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары