$ 448.15  483.46  4.86

Владимир Божко қазақ тілін қызметтік лифтке теңеді

Депутаттың ойынша, этномәдени бірлестіктерге мүдделі ведомстволармен бірігіп, қазақ тілін дамыту мақсатында мемлекеттік бағдарлама аясында оқытушыларды қаржыландыру әрі қазақ тілінде курстар ұйымдастыру керек.

Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко этникалық мәдениет орталығы мен мемлекеттік органдарды қазақ тіліне көбірек мән беруге шақырды, - деп мәлімдейді Tengrinews.kz тілшісі. 

"Президент тапсырма берді - этникалық топтардың мәдениеті мен тілін дамытуға мүмкіндіктер жасап, қазақ тілінің рөлін күшейту. Бұған дейін де айтқанмын, этномәдени бірлестіктер позициясынан қазақ тілін меңгеру бойынша жұмысты күшейту керек. Қазіргі таңда қазақ тілін білу ұлты қазақ емес тұрғындарымыз үшін әлеуметтік, қызметтік және коммерциялық лифт саналады", - деді Владимир Божко. 

Депутаттың ойынша, этномәдени бірлестіктерге мүдделі ведомстволармен бірігіп, қазақ тілін дамыту мақсатында мемлекеттік бағдарлама аясында оқытушыларды қаржыландыру әрі қазақ тілінде курстар ұйымдастыру керек. 

"Бұл қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде дамуына қосымша фактор болып есептеледі", - деді Божко.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары