$ 446.49  475.38  4.79

Жаңаөзен қаласына жаңа әкім келді

Жаңа қала басшысын облыс әкімі Серікбай Тұрымов өзі таныстырды.

Мақсат Ибағаров Жаңаөзен әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне слітеме жасап. 

Жаңа қала басшысын облыс әкімі Серікбай Тұрымов өзі таныстырды. Бұрындары бұл қызметте Әділбек Дауылбаев отырды.

2 қыркүйекте Жаңаөзен қаласында жүздеген ер адам қала әкімдігі ғимаратының жанында жергілікті тұрғындарды жұмысқа орналастыру талабы бойынша жиналды. Олардың айтуынша, қалада жергілікті тұрғындар үшін жұмыс орындары жетіспейді. Бұдан басқа, адамдар Қытай кәсіпорындарының ашылуына қарсы шыққан. 

3 қыркүйекте Жаңаөзенде адамдар қайтадан алаңға шықты. Олармен Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов пен қала әкімі Әділбек Дауылбаев кездесіп, сөйлесті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары