$ 494.87  520.65  4.91

Жаңаөзенде 500-дей адам алаңға шықты

Олардың айтуынша, қалада жергілікті тұрғындар үшін жұмыс орындары жетіспейді. Бұдан басқа, адамдар Қытай кәсіпорындарының ашылуына қарсы шыққан.

Жаңаөзенде 500-ге жуық адам алаңға шықты. Олармен Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов кездесіп, сөйлесті, - деп хабайрлайды Tengrinews.kz агенттігі. 

Өңір басшысы Серікбай Тұрымов жиналғандардың талаптарын тыңдап, тұрғындарды алаңдайтын мәселелер бойынша өзінің қабылдауына шақырды. 

Сондай-ақ, қытайлық кәсіпорындары Қазақстанда және өңірде салынбайтынын айтты. 

Алаңға шыққандармен Жаңаөзен қаласының әкімі Әділбек Дауылбаев та кездесті. 

2 қыркүйекте Жаңаөзен қаласында жүздеген ер адам қала әкімдігі ғимаратының жанында жергілікті тұрғындарды жұмысқа орналастыру талабы бойынша жиналды. Олардың айтуынша, қалада жергілікті тұрғындар үшін жұмыс орындары жетіспейді. Бұдан басқа, адамдар Қытай кәсіпорындарының ашылуына қарсы шыққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары