Қазақстандағы Қытай елшісі Чжан Сяо елдегі қытай кәсіпорындарының құрылысына қарсы митингілерге қатысты пікірін білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ол митинг қатысушыларының "Қытай аумақты басып алып, халқын осында көшірмекші" деген пікірін бос сөзге балады.
"Болып жатқан жағдайлар жөнінде хабардармын. Митингілер өткеннен кейін Сыртқы істер министрлігінде брифинг болып, менің әріптестерім 55 жобаның қайдан шыққаны, олардың мемлекеттік сараптамадан қалай өтіп жатқаны, бірлескен комиссия әрбір нақты жобаны қалай іріктейтіні жөнінде толық түсініктеме берді", – деді Чжан Сяо.
Сондай-ақ, ол мүмкіндікті пайдалана отырып, сөз болған 55 жобаның бірін мысал ретінде келтіріп өтті.
"Мен былтыр аталған жобалардың бірі – Шымкент мұнай өңдеу зауытында болып қайттым. Ол кеңестік кезеңде салынған ескі зауыт болатын. Қайта құру мен жаңғыртуға дейін ол заманауи технологиялық нормаларға сәйкес келмейтін. Кәсіпорын өндірілетін тауардың сапасы жағынан да, атмосфераға бөлінетін зиянды заттар тұрғысынан да ескірген еді.
Біздің бірлескен әріптестігіміз бен күш салуымыздың арқасында зауыт толығымен жаңарды, толық қуатында жұмыс істей бастады.
Соның нәтижесінде Қазақстан сапалы отандық жанармаймен өзін ғана қамтамасыз етіп қоймай, оны көршілес елдерге экспорттай бастады. Ресми деректерге сәйкес, қазіргі таңда Қазақстанда ТМД елдерімен салыстырғанда бензин бағасы ең төмен саналады", – дейді елші.

Ол болып жатқан митингілердің Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстың дамуына қарсы қойылғанын, олардың артында елді арандатуды көздейтін белгілі бір күштердің болу мүмкіндігін атап өтті.
"Бұл митингілердің артында халық арасында Қытайға қарсы жағымсыз көзқарас тудыруды, екіжақты қарым-қатынастың дамуына кедергі келтіруді, жұртты арандатып, от жағуды көздейтін белгілі бір күштер тұруы мүкін.
Ондайлардың әрекеттері алға баспайтынын айтқым келеді. Себебі ондай әрекеттер тек өзімшіл геосаяси мүдделерден туындайды", – дейді Қытай елшісі.