$ 442.05  474.14  4.74

Елордада жаңа такси қызметі іске қосылды

Енді Қазақстан халқы да еуропалық сапа және қызмет түрін тұтына алады.

Бүгін Еуропаның жетекші Bolt көлікпен тасымалдау қызметі Қазақстанның Нұр-Сұлтан қаласында өз жұмысын бастады.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Bolt такси қызметінің мыңдаған көлік жүргізушісі өз жұмыстарын бастады. Көлікпен қатынау қызметінің ең төменгі бағасы – 500 теңге, таксиге тапсырыс беріп, ішіне отыру құны - 330 теңге. Таксимен қатынау ақысы - әрбір шақырымға 40 теңгеден және жолдың бір минуты 10 теңгеден есептеледі.

Bolt қызметінің Нұр-Сұлтан қаласында іске қосылуына орай, қосымшаны жүктеген тұтынушыларға 50% жеңілдік беріледі. Мысалы, жеңілдік берілген жағдайда, Бәйтеректен EXPO 2017 аумағына жету үшін, шамамен 400 теңге төленеді. Нақты бағаны таксиге тапсырыс бергеннен кейін ғана білуге болады.

«Әлемнің 30-дан астам елінің 25 миллионнан астам тұтынушысы Bolt компаниясының қызметін қолдануда. Енді Қазақстан халқы да еуропалық сапа және қызмет түрін тұтына алады. Біздің ойымызша, табысты такси қызметінің басты кепілі – көлік жүргізушілерінің қолайлы ортада жұмыс істеуі. Сондықтан, Нұр-Сұлтан қаласындағы Bolt такси қызметінде жұмыс істеймін деген көлік жүргізушілеріне тиімді шарттар ұсынамыз» - дейді Bolt негізін құрушы және CEO Маркус Виллиг.

Bolt жүргізушілерінен ұсталатын комиссия мөлшері басқа көлік қызметі компанияларына қарағанда әлдеқайда төмен — 12%. Бұдан да басқа: күн сайынғы бонустар, брендинг-бағдарлама, жүргізушілер үшін нақты белгіленген мөлшерлемесі бар жол жүру кепілдемесі секілді артықшылықтар қарастырылған.

«Bolt қызметінің Нұр-Сұлтан қаласына іске қосылуы — маңызды оқиға. Біздің мақсатымыз – қала тұрғындарын қолжетімді бағаға қолайлы такси қызметімен қамтамасыз ету. Өз жұмысымызды Республиканың Елордасынан бастап жатқанымызға өте қуаныштымыз. Жаңа тұтынушылар Bolt такси қызметін пайдаланып, лайықты бағасын берер деген сенімдеміз. Таяу арада Қазақстанның басқа да қалаларында жұмыс істеуді көздеп отырмыз. Сонымен қатар, республика аумағында Bolt компаниясының басқа да қызмет түрлері, яғни электр самокаттарын жалға алу және тағамға тапсырыс беру жүйелерін іске қоссақ деген жоспарымыз бар» - дейді Қазақстандағы Bolt өкілдігінің жетекшісі Арай Бекембаев.

Дереккөз: BAQ.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары