Бішкек қалалық соты Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты тұтқындау туралы шешімді заңды деп тапты. Бұл туралы сот отырысынан кейін оның қорғаушысы Сергей Слесарев мәлімдеді деп хабарлайдыТАСС-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Бішкек қалалық соты экс-президенттің заңсыз тұтқындалуы жөніндегі шағымды қабылдамады", – деп мәлімдеді Сергей Слесарев.
Оның айтуынша, бірнеше күн бұрын Атамбаевтың қорғаушылары Первомай аудандық сотында елдің бұрынғы басшысына қатысты бұлтартпау шарасын өзгертуге тырысқан.
Қорғаушылардың пікірінше, ел парламенті Атамбаевты экс-президент және қол сұқпаушылық мәртебесінен заңсыз айырған. Себебі, конституция бойынша заң шығарушы органның ондай өкілеттілігі жоқ.
Соған қарамастан аудандық сот елдің бұрынғы президентіне қатысты бұлтартпау шарасын өзгертуден бас тартқан.
Ол кем дегенде 26 қазанға дейін қамауда қалады.
Еске сала кетейік, Қырғызстанның бұрығы президенті Алмазбек Атамбаевқа 14 қылмыстық іс бойынша айып тағылып отыр.