$ 494.87  520.65  4.91

Әлемдегі №1 лаңкес Түркияны өз үйіндей көреді

«Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының жетекшісі Әбу Бәкір әл-Бағдади Түркияға, Түркиядан Ливияға емін-еркін көшіп-қонып жүрген деп хабарлайды FARS агенттігі жергілікті дереккөздерге сілтеме жасап.

Әл-Бағдади Ирак барлаушыларынан жасырыну үшін тұрғылықты мекен-жайын осылайша жиі ауыстырып отырған көрінеді. Агенттіктің жазуынша, ол Ливанның солтүстігіндегі Сирт қаласына келіп, әрі қарай елдің ішкі жағына қарай жылжыған.

Бұған дейін "ИМ" жетекшісі Ирактан Сирияға және кері қарай бірнеше рет көшкен. ТАСС мәліметі бойынша, соңғы рет қараша айында әл-Бағдади Сирияның Әлбу-Камал қаласынан Ирактың Мосулына қарай қоныс тепкен. Дегенмен, ол жерде көп отырмай №1 лаңкес Түркияға кетіп қалыпты.

Айта кетейік, 11 қазан күні Ирактың әскери әуе күштері содырлар мінген автокеруенді атқылаған болатын. Ол кезде әл-Бағдади ауыр жараланды, қалған жақтастары өлтірілді деген ақпарат тараған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары