$ 444.32  473.33  4.76

Ақмола облысының бірнеше ауылы жарықсыз қалды

8 желтоқсанда сағат 14.10-да Бұланды аудандық электр желісінің Журавлевка ауылындағы электрлік шағын станасының «КРУН 10000 Кв» стансасында қысқа тұйықталу орын алып, салдарынан трансформатор ішіндегі автомат жанып кеткен. Қазір оқиға орнында апаттық және төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері жұмыс істеуде, деп хабарлады Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінен.

 

Соның салдарынан Журавлевка ауылында - 711 тұрғын, Воробьевка ауылында - 189 тұрғын, Новодонецкаяда - тұрғын, Ярославка ауылында - 109  және Астрахан ауданы Акимовка ауылында 260 тұрғыны жарықсыз қалды. 
Журавлевка, Воробьевка, Новодонецкая ауылдарында мектептер мен ауруханалар қазандығы автономдық электр стансаларына қосылды. Ярославка және Астрахан ауданы Акимовка ауылдарында мектептер мен медициналық пункт автономиялық түрде жылытылуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары