Жаңалықтар 05.09.2019 сағат 14:30

«Қыздың аузы қанап кетіпті»: Нұр-Сұлтанда жасөспірім қызға педофил шабуыл жасаған

Қалалық білім басқармасы бұл оқиғаны растады. Қазіргі уақытта күдікті ұсталған.
«Қыздың аузы қанап кетіпті»: Нұр-Сұлтанда жасөспірім қызға педофил шабуыл жасаған
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Елордадағы №83 мектептің жанында ер адам оқушы қызға шабуыл жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Астана тұрғыны Гүлжазира Балтабаеваның айтуынша, оқиға таңертең сағат он шамасында болған. 

"Сағат 10:30-да баламды мектепке алып бардым. Оқу орнының жанында бір топ полицей 15-16 жас шамасындағы қыздан жауап алып жатыр екен. Қыздың аузы қанап кетіпті. Сол жердегі ата-аналардан не болды деп сұрап едім, педофил ұсталғанын айтты", - деді ол.

Қалалық білім басқармасы бұл оқиғаны растады. Қазіргі уақытта күдікті ұсталған.

"Оқиға мектептің аумағында болмаған. Ер адам шабуыл жасаған қыз №83 мектепте оқымайды. Бұл мектепке оны құрбысы алып келген. Қызға шабуыл жасады деп күдікке ілінген ер адамды сол білім ордасының шаруашылығына жауап беретін маман көріп қалып, оны ұстап алған. Кейін полицияны шақыртқан. Күдікті ұсталды. Оқиғаның мән-жайын тәртіп сақшылары анықтап жатыр", - деді қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын, тиісті ақпарат алдағы уақытта жарияланатынын хабарлады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар