$ 444.22  476.38  4.82

Божко Мәжілісте отырмауы керек - Мұрат Әбенов

Тolbay Talgat -Божко, қазақ халқының алдында тізе бүгіп алғыс айтсын, осы дәрежеге жетіп, бай ауқатты болғаны үшін!

Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божконың сөзі халықтың ашу-ызасын туғызуда. Осыған байланысты әлеуметтік желіде Божкоға пікірін ашық әрі қатқыл айтқандардың қатары  көбейе түсті. Тіпті оны депутаттықтан кетіру туралы пікірлер де айтыла бастады, деп жазады Qamshy.kz.

Ескерте кетсек, Мәжіліс вице-спикері Владимир Божко «халық биліктің не істеп жатқанын көріп, түсіністік танытуы керек. Иә, үш жыл ішінде халықты әлеуметтік қолдау 17 есе өсті. Бұл үшін, кешіріңіз мені, қазақстандықтар билікке тізерлеп тұрып алғысын айтуы керек» деген болатын. Осыған байланысты әлеуметтік желіде өз пікірін білдірген Мұхтар Тайжан «Осы сөзі үшін Владимир Божко Қазақстан халқынан кешірім сұрауы керек» дейді. 

–Сіз депутатсыз, нақты айтқанда, вице-спикерсіз, сіз балаларыңызбен немесе немерелеріңізбен  солай сөйлесіңіз. Қазақстан халқымен емес.  Егер Божко халық алдында кешірім сұрамайтын болса,, онда «Нұр Отан» партиясы оның аталған лауазымға лайықты, лайықсызын қарайтын болсын»,– деді қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан фейсбук парақшасында. 

Тolbay Talgat -Божко, қазақ халқының алдында тізе бүгіп алғыс айтсын, осы дәрежеге жетіп, бай ауқатты болғаны үшін! 

Gulnar Tagaibekovna -Халықты мазақ қылғаны үшін, осы сөзді айтқан адамның қақ маңдайынан атып тастаса, обалы жоқ екен! 

Мұрат Әбенов: -Жау алдында өліп кетсе де тізе бүкпейтін халықты пособия үшін тізерлетем деген депутат Божко Мәжілісте отырмауы керек.

Анара Сарыбаева: -Депутат бола тұра қандай нақты ізгі істер жасады бұл неме? 

Zhafarov Ruzibek: Қазақстандықтарды Ресей халқымен шатыстырғанға ұқсайды. Біздің халық Путинге жығылғандай, тізе бүкпейді. Тіпті сені өлтірсе де...

Болат Нурхожаев: Соны ұсынған, солай сөйлегенде қарсы бір ауыз сөз айтпаған, яғни қолдаған Ассамблея да таратылсын. Халық атынан олардың да сөйлеуге құқы жоқ! (Фейсфуктегі пікірлерден)

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары