$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда автобус велосипедшіні сүйреп кеткен (ВИДЕО)

Өзіне назар аударту үшін Темірлан әйнекті ұра бастаған. Салондағы жолаушылар айғай сала бастағанша, жүргізуші оны естімепті.

Алматыда автобус велосипедшіні жолдың бүйірінен қысып, оны бірнеше метрге сүйреп апарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі. Оқиға 2 қыркүйекте Райымбек даңғылы мен Байзақова көшесінің қиылысында болған.

"Мен автобус жолағының шетіне қарай шығыс бағытта келе жатқан едім - жол ережесіне сәйкес, біз солай жүруіміз керек. Бағдаршамда автобус тоқтап қалды. Мен автобустың ортасына жеткенде, жасыл жарық жанды және ол да жүре бастады. Мен ештеңе істеуге үлгермедім, ол рулін оңға бұрғанда, мен жол жиегі мен автобус арасында қысылып қалдым. Мен құлап, бақылауды жоғалттым. Үлкен жылдамдықпен жүргенде көліктің астында қалатын едім", - деп еске алады Алматы тұрғыны Темірлан Қалыбаев.

Өзіне назар аударту үшін Темірлан әйнекті ұра бастаған. Салондағы жолаушылар айғай сала бастағанша, жүргізуші оны естімепті. 

Автобус тиесілі "Мадина" автопаркінде олар болған оқиғаны былай сипаттайды. 

"Біз қызметтік тергеу жүргіздік, жағдайды толық және объективті зерттеу үшін біз Темірланды автобустың бейнебақылау камераларынан түсірілген бейнелерді көруге шақырдық. Видеода көріп отырғаныңыздай, велосипедші оны басып озып, автобустың қасынан өтіп бара жатқанда соқтығысу орын алады. Біздің автобус таңдалған бағыт бойынша өзіне тиесілі жолақпен ғана жүреді.

Темірланға жүргізуші сәл оңға бұрылып, оны қысып тастағандай болды. Біз оған бұл мүмкін емес екенін көрсеттік. Видеоны жүргізушінің кабинасынан қарадық, біздің қызметкердің рульді оңға бұрмағаны анық көрінеді. Тиісінше, автобус оны жолдың шетіне қарай итере алмады", - дейді "Мадина" автопаркінің директоры Бекежан Тыныштықбай.

Алматылық азамат қызметтік тергеу нәтижелерімен келіспейді. Темірлан электронды үкімет веб-сайты арқылы полицияға хабарласып, азаматтық сотқа шағым түсірмек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары