$ 443.85  474.3  4.8

«Эйр Астана» әуе билеттерінің қандай жағдайда арзандайтынын айтты

Корпоративтiк коммуникациялар жөніндегі департамент мамандары сұранысы жоғары бағыттар бойынша билеттердің құны Еуропаға қарағанда 30 пайызға қымбат болуының себебін де түсіндірген.

2020 жылдың аяғына дейін FlyArystan ұшақтары күніне 72 рейс жасайды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Эйр Астана» компаниясының Корпоративтiк коммуникациялар жөніндегі департаментіне сілтеме жасап.

«ҚР Президентінің Жолдауына сәйкес, әуе тасымалын қолжетімді ету үшін «Эйр Астана» компаниясы FlyArystan жобасын жетілдіре түспек. Ол үшін жыл соңына дейін тағы екі Airbus A320 лайнерін сатып аламыз. Нәтижесінде рейстердің саны күніне екі есеге артады. 2020 жылдың соңына қарай FlyArystan ұшақтарының санын 10-ға жеткізу көзделген. Соның арқасында күнделікті рейстердің саны 72-ге жетеді. Яғни, Қазақстан ішінде ұшу кестесі едәуір кеңейтіледі. Яғни, өңірлер арасында әуе қатынасы дамиды», - делінген компания ұсынған ақпаратта.

Корпоративтiк коммуникациялар жөніндегі департамент мамандары сұранысы жоғары бағыттар бойынша билеттердің құны Еуропаға қарағанда 30 пайызға қымбат болуының себебін де түсіндірген.

«Әлемдегі барлық әуе компаниялары керосин мен инженерлік-техникалық қызмет көрсетудің, техника мен қосалқы бөлшектердің, әуежайдағы маман даярлау стандарттарының құнынан шығын шегеді. Бұл ретте Батыс техникасын пайдаланатын Қазақстан әуе компаниялары шетелдік бәсекелестері сияқты аталмыш шығындарды  шетелдік валютамен төлейді», - делінген мәліметте.

«Эйр Астана» әуе тасымалындағы қазіргі бағаны түсіру үшін қабылдануы тиіс шараларды да атады.

«Әуе тасымалының құнын түсіру үшін алдымен Қазақстан әуежайларында  тарифті көрсетілетін қызметтердің артуына қарай түсіру қажет. Ал жолаушы ағыны бәсең өңірлерде әуежай шығынының бір бөлігі субсидиялануы тиіс.

Ресей тәжірибесіне сүйене отырып, ішкі рейстерге салынатын қосымша құн салығын алып тастау қажет. Бұл билет бағасын 12 пайызға арзандатады. Қосымша құн салығының алынуы Ресейде өңіраралық рейстерді жиілетіп, аумағын кеңейтіп отыр», - делінген компанияның ақпаратында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары