$ 494.87  520.65  4.91

Елорда мектептерінің бірінде 8 бала газ баллонынан уланып, ауруханаға түсті

Оқиғадан 5-сыныпта оқитын 8 бала зардап шеккен.

Елордалық №54 орта мектептің 8 оқушысы газдан уланып, ауруханаға түсті. Бұл туралы ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлайды. 

«2019 жылдың 5 қыркүйегінде сағат 17:01-де «103» пультіне Иманбаева, 4 мекенжайында орналасқан №54 орта мектептен «Уландырғыш заттан зардап шегу» дерегі бойынша хабар келіп түсті. Мектеп директорының айтуынша, мектеп оқушыларының бірі сыныпта газ баллонын шашқан. Сағат 17:14-те жедел жәрдем қызметінің 3 бригадасы мектепке жетті», - делінген басқарма хабарламасында. 

Оқиғадан 5-сыныпта оқитын 8 бала зардап шеккен. Жедел жәрдем оларды №2 қалалық ауруханаға жеткізген. 

«Тексеруде 8 баланың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. Олардан жөтел, бас айналу, көзден жас ағу, әлсіздік белгілері байқалған. Барлық балалар маман тексеруінен өтіп, сараптамаға қан тапсырды. Қазіргі уақытта балалар №2 қалалық аурухананың қабылдау-диагностикалық бөлімінің жіті бақылауында», - деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Нұрсұлтан