$ 494.87  520.65  4.91

«Жобалардың барлығы жаңа»: 55 қытай зауытына қатысты Назарбаев пен Қасымбектің сөзі неге қабыспайды?

Қазіргі таңда жоспарланған Қазақстан-Қытай жобаларының 15-і іске қосылған. 4 мыңдай жұмыс орны бар 15 зауыттың құны –  3,9 миллиард АҚШ долларын құрайды.

Бүгін (5 қыркүйек) премьер-министр орынбасары Жеңіс Қасымбек Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында қазақстандықтардың наразылығын тудырған Қазақстан мен Қытайдың бірлескен 55 жобасына қатысты түсініктеме берді, деп жазады bugin.kz.

Алды іске қосылып үлгерген 55 зауыттың «бірде-бірі» лас әрі ескі еместігін, «көшірілетінін» жоққа шығарған вице-премьер «бұл жобалардың барлығы жаңа» дейді.

Ол жақында Қапшағай маңында күн энергиясымен жұмыс істейтін электр стансасы ашылғанын, ондағы 30 қызметкердің барлығы Қазақстан азаматтары екендігін мәлімдеді. 

«Әлемдік тренд» саналатын Қапшағай стансасынан жыл соңына дейін 1000 мегаватт энергия жел мен күннен өндіріледі деп күтілуде.

55 зауыттағы кадрлық құрамға қатысты:

- Осы жобалар аясында жоспарланған 20 мың жаңа жұмыс орнының 95 пайызы, одан да көбінде қазақстандық азаматтар жұмыс істейтін болады,  – деді Қасымбек. 

Қазіргі таңда жоспарланған Қазақстан-Қытай жобаларының 15-і іске қосылған. 4 мыңдай жұмыс орны бар 15 зауыттың құны –  3,9 миллиард АҚШ долларын құрайды. Ал «барлық жобаның құны – 27 миллиард АҚШ доллар». Демек, 20 мың жұмыс орнын ашу көзделген 27 миллирд долларлық жобада бір жұмыс орны 1 миллион 350 мың долларға шығады. Мұның экономикадағы пайдалылық кофиценті мамандарға мәлім.

Үкімет басшысының орынбасарына сенетін болсақ, мұнда «жұмыс істеп жатқандардың 95 пайызы – Қазақстан азаматтары». Сонымен қатар, «Сарыарқа автоөнеркәсіп» компаниясында 100% қазақстандықтар еңбек етеді-мыс. 

2019  жылдың соңына дейін тағы 5 жоба іске қосылмақ. Олардың қатарында  Алматыда ашылатын құбыр шығаратын зауыт бар.

Қазіргі таңда елімізде 20 мың шетелдік әрі бірлескен компания, олардың филиалдары жұмыс істеп жатыр. Олардың
35%-ы Ресей және Қазақстан-Ресей компаниялары;

10%-ы Түркия компаниялары;

5,7%-ы Өзбекстан компаниялары;

5,6%-ы Қытай компаниялары;

3,1%-ы Германия компаниялары.

Вице-премьердің айтуынша, қазақстандық компаниялар да шетелде қарқынды жұмыс істеп жатыр әрі мұндай жобалар «Елге тек капитал ғана емес, қаражатпен қоса жаңа технологиялар да келетінін ұмытпауымыз керек». 

Кеше 2 қыркүйектен бері Жаңаөзен қаласында басталып, республиканың 10 шақты қаласында қолдау тапқан «үкіметаралық 55 жобаға, Қытай экспансиясына» қарсылық акцияларын ІІМ «рұқсат етілмеген жиын» ретінде танып, «кез келген заңсыз шерудің жолын кесетінін» мәлімдеді. 

Көшірілмейтін, – бірлесіп салынатын «жоғары технологиялық су жаңа» жобалар жайлы 2019 жылы сәуірде Қазақстанның экс-президенті Н.Назарбаев Бейжіңде өткен «Бір белдеу – бір жол» форумында Қытайдың Қазақстандағы 55 ірі жобасының 15-і жұмысын бастағанын, 11 нысан биыл пайдалануға берілетінін айтқан еді. 

Естеріңізге сала кетсек, Қытайға қарсы бұқаралық көңіл-күй 2016 жылғы жалпыхалықтық жер дауынан бастап,  БҰҰ мен әлемдік өркениетті елдер тарапынан сыналған Шыңжаңдағы қысым көріп жатқан мыңдаған қазақтардың «арнайы лагерьлерде ұсталуы» хабарынан кейін өрши түскен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары