17.07.2014, 09:20

Жыл басынан бері 600-ге жуық адам төтенше жағдайда қаза тапты

Сурет: articles.gazeta.kz

Жыл басынан бері 291 адам суға кеткен болса, оның 81-і балалар. Ал, табиғи және техногендік төтенше жағдайлардан 2,07 трлн. теңге шығын келген. Бұл жөнінде еліміздің Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.

Оның айтуынша, жыл басынан бері 772 адам судан құтқарылған (оның ішінде 159-ы балалар). 11 мыңнан астам су қоймалары тізімге алынып, суға түсуге ыңғайлы 480 демалыс аймағы анықталған. Олардың түбі қауіпті заттардан тазартылған.

Сондай-ақ, жыл басынан бері ел аумағында табиғи және техногендік 8254 төтенше жағдай орын алған. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 16 пайызға артық көрсеткіш екен.

Ал, бұл жағдайлардан 1829 адам зардап шеккен. Бұл көрсеткіш те былтырғы сәйкес кезеңге қарағанда 5,2 пайызға артық. Олардың арасында 598 адам қаза тапқан екен.