HeadHunter Қазақстан компаниясы 2015 жылы күзде қай саланың көп жалақы төлейтіндігі туралы жүргізген сауалнамаларының нәтижесін жариялады.
Сарапшылар 2015 жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қарашасы аралығында жарияланған бос жұмыс орындарына талдау жүргізді. Осылайша олар қай сала мамандарына ең жоғары жалақының ұсынылатынын анықтады:
Шикізат өндірісі - 275 000 теңге (қазан 2015);
Кеңес беру - 187 000 теңге (қазан 2015);
Құрылыс - 150 000 теңге;
Құқықтану - 150 000 теңге (қараша 2015);
Өндіріс - 140 000 теңге (қыркүйек 2015).
Ең төмен жалақы мына сала мамандарына ұсынылған:
Әкімшілік қызмет - 80 000 теңге (қыркүйек – қазан 2015);
Қауіпсіздік - 85 000 теңге (қыркүйек, қараша 2015);
Ғылым, білім - 90 000 теңге (қыркүйек 2015).
«Кейбір салада қыркүйек және қараша айларының аралығында бақылау жүргізу арқылы жалақының біртендеп өскенін байқадық. Мысалы, мына салаларда: ақпараттық технологиялар; бухгалтерия, басқарушылық есеп, кәсіпорын қаржысы; маркетинг, жарнама, PR; әкімшілік қызмет; банктер, инвестициялар, лизинг; қызметкерлерді басқару, тренингтер; ғылым, білім; сауда», - деп мәлімдеді eadHunter Қазақстан сарапшылары.