Жаңалықтар 06.09.2019 сағат 09:30

Қызылордада 3 тонна бидай өртеніп кетті

Аталмыш оқиға «Шымкент-Самара» тас жолының бойында орын алған.
Қызылордада 3 тонна бидай өртеніп кетті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қызылорда облысы Шиелі ауданы аумағындағы тас жолда «МАЗ-5432-03» автокөлігінің тіркемесіндегі 800 бау жоңышқа шөбі мен 3 тонна бидай өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Аталмыш оқиға «Шымкент-Самара» тас жолының бойында орын алған. Түркістан облысы тұрғынының басқаруындағы «МАЗ-5432-03» автокөлігінің тіркемесіндегі 800 бау жоңышқа шөбі мен 3 тонна бидай өртеніп кеткен. 

«Өрттің шығу себебі белгісіз. Оқиға орнына сол аймақта қызмет атқарып жүрген патрульдік полиция қызметкерлері барды. Оқиға барысын таразылаған олар бұл жерге өрт сөндіру қызметі мамандарын шақырды. Оқиға барысында зардап шеккен адамдар жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар