Жаңалықтар 06.09.2019 сағат 10:05

Ақмолада жалған дипломмен сабақ беріп жүрген 15 мұғалім ұсталды

Кінәсін мойындағанын және өкінетінін ескеріп, сот әр педагогке 10 АЕК (25 250 теңге) көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындады.
Ақмолада жалған дипломмен сабақ беріп жүрген 15 мұғалім ұсталды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ақмола облысы Біржан сал ауданының прокуратурасы оқушылардың сапалы орта білім алу құқықтарын қорғау мақсатында Білім туралы заңнаманың сақталуына талдау жүргізген болатын. Нәтижесінде жалған дипломмен сабақ беріп жүрген 15 мұғалім ұсталды, деп хабарлайды oinet.kz порталы.

Орта-арнайы білімі бар педагог қызметкерлер әртүрлі кезеңдерде лауазымдық жалақыларына үстеме алу мақсатында ауданның жалпы білім беретін мектептеріне жоғары білім туралы жалған диплом берген, 

«Бастауыш сынып, қазақ тілі мен әдебиеті, дене шынықтыру, математика және еңбек мұғалімдері жалған дипломмен сабақ өткізген. Жалған құжатты қолданғаны үшін Қылмыстық кодекстің 385-бабының 3-бөлігі бойынша 15 мұғалімге қатысты қылмыстық іс қозғалды»,- делінген хабарламада.

Кінәсін мойындағанын және өкінетінін ескеріп, сот әр педагогке 10 АЕК (25 250 теңге) көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындады. Қылмыстық іске байланысты тексеріс жалғасын табуда. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар