$ 447.4  477.55  4.76

Еліміздің бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды

7 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды.

Синоптиктер Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында дабылды ескерту жариялады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.

7 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Сонымен қатар, ертең Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ертең Ақмола облысының кей аймақтарында қатты жаңбыр жауады деп болжануда. 7-8 қыркүйекте кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы