$ 495.2  522.34  4.94

Тоқаевтың халық алдында берген тапсырмасын зерттеместен Қасымбеков неге «Эйр Aстананы» қорғай жөнелді?

Әбенов әуебилеттердің қымбаттығына тоқталып, Қасымбекке орыс тілінде 5 сауал тастады.

Мұрат Әбенов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбекті сынға алды. Ол Тоқаевтың халық алдында берген тапсырмасын зерттеместен неге «Эйр Aстананы» қорғай жөнелгенін түсінбей дал. Бұл туралы толығырақ өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. 

Әбенов әуебилеттердің қымбаттығына тоқталып, Қасымбекке орыс тілінде 5 сауал тастады. Бұл ретте, біз сол сұрақтарды қазақшаға аударып, оқырман назарына еш өзгеріссіз ұсынып отырмыз. 

1. Компанияда небәрі 38 ұшақ бар. Соған қарамастан, 4,5 мың адам қызмет көрсетеді. Компания президенті Питер Фостердің 26 орынбасары, 17 директоры бар. Қысқартуды ойламадыңыз ба? Әлде, сіздерге бұндай сауал қою ыңғайсыз ба? 

2. Әуекомпания билеттердің қымбаттауын әуежай тарифтерімен байланыстырады. Асылында олай емес. Алматы әуежайында тариф басқалармен салыстырғанда төмен. Бішкекпен салыстырғанда, Алматыда ұшып-қону 2 есе төмен. Авиациялық қорғаныс 4 есе арзан. Сондай-ақ, ішкі рейстер тарифі халықаралық рейстермен салыстырғанда 4 есе арзан. Құрметті вице-премьер, сіз әуебилеттердің қымбатшылығын қалайша әуежай тарифтерімен байланысты деп айта аласыз?

3. Енді «Эйр Астананың» жылдық есебіне көз жүгіртсек. Әуекомпания ұшақ жалдауға 2018 жылы 23 млрд теңге жұмсаған. Жеңіс Қасымбек, сізге сұрақ, неге осынша көп қаражатқа ұшақ жалданады? Неге ұшақтарды сатып алмасқа?

4. Ресейде авиациялық жанармайдың 1 тоннасы – 110 мың рубль, яғни 660 мың теңге, ал бізде тоннасы – 1184$, 450 мың теңге. Бұл дегеніміз – бізде жанармай 47% арзан деген сөз. Ал Қызылордадан Алматыға билет 57 мың теңге. «Аэрофлоттан» болса, Ресейден Қызылордаға – 39 500 теңге. Мәскеуге дейін 4 жарым сағат. 3 жарым мың шақырым. Алматы  үш есе жақын, бірақ, билет қымбат.

5. Неге басқа компаниялар үшін жол ашпасқа? Неге әуебилеттердің қымбатшылығын түсіндіре алмайсыз?

Алғашқы 4 сұрақ – танымал қоғам қайраткері Қожахмет Баймахановтан.

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек ертеңгі күні үкімет басына келсе, Тоқаевпен бірге жұмыс істей ала ма? Әлде өзі басқарып отырған саланы қызғыштай қорғай жөнеле ме? Сұрақ көп, жауап жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары