$ 439.43  473.31  4.82

Шымкенттегі пәтерлердің бірінде мәйіт табылды

Артынша ауыр қылмысқа қатысы бар күдіктіні іздеу шаралары жүргізіліп, ол артынша ұсталған.

Шымкентте көпқабатты  үйлердің бірінен мәйіт табылды. Оны  учаскелік полиция инспекторы патрульдеу кезінде байқап қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Еңбекші АПБ-ның учаскелік полиция инспекторы мәйітті  әкімшілік учаскесіндегі үйлердің бірінен тапқан. Артынша ауыр қылмысқа қатысы бар күдіктіні іздеу шаралары жүргізіліп, ол артынша  ұсталған. Тұлғасын анықтау барысында оның бұрын бірнеше рет сотталғаны белгілі болып, дереу қамауға алынды.  

«Аталған деректі Шымкент қаласы Полиция департаменті қызметкерлері ҚР ҚК-нің 99-бабымен «Адам өлтіру» сотқа дейінгі тергеп-тексеру жургізуде. Қазіргі таңда   істің мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды», делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары