$ 494.87  520.65  4.91

«Кеңес кезеңімен салыстырмаңдар»: желі қолданушысы оқушылардың еден жууына қарсылық танытты

Біріншіден - оқушылардың уақыты аз.

Айгүл Асылбекова есімді әлеуметтік желі қолданушысы оқушылардың еден жууына қарсы екенін айтып, оның себебін де түсіндірді. Айтуынша, балалар бұнын пайдасынан қарағанда зиянын көп көреді екен. 

«Мен оқушылардың класта еден жууына қарсымын.

Біріншіден - оқушылардың уақыты аз. Қосымша оқулары бар, спорт, музыка және басқа да үйірмелері бар. Олар космостық жылдамдықта жүрген балалар.

Екіншіден - гигиена жағынан да дұрыс емес. Қазіргі балалар жұқпалы ауру көп тараған ортада өмір сүруде. Туберклезбен ауырған мұғалімдер туралы жазылды ғой және экологиялық ахуалды ескеру керек.

Үшіншіден - қауіпсіздік сақталынбайды. Қазір еден жуғанда химиялық зиянды сұйықтар қолданылады. Мектеп сол оқушыларға күнде таза тряпка бермейді.

Төртіншіден - еден жуу оқушылардың міндетіне айналса мұғалімдер бұл тәртіпті жазалау, өш алу құралына айналдырып жібереді. Мұғалімдердің бәрі әділетті емес , көбінің жүйкелері тозған, балаларды алалайтын, әлеуметтік жағынан бөлетін, пайда іздейтін, қорғансыздарды кемсітетін мұғалімдер де жеткілікті.

Бесіншіден - Кеңес кезеңімен бүгінгі уақытты салыстырмаңдар!

Себебі, кеңес мектептері мың есе гуманный, мың есе білімді болды.

Балалар да басқа болды», - деп жазды ол Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін оқушылардың өз сыныптарын сабақтан кейін тазалайтыны жайлы жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#мектеп