Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Күздің бірінші айының екінші жексенбісінде елімізде Отбасы күні аталып өтеді. Биыл мереке 8 қыркүйекке сәйкес келіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Елорда әкімдігінің ақпаратына сәйкес, мерекеге орай қала кітапханаларында «Отбасы – Өнеге айнасы» атты кітап көрмесі, оқушылар сарайында «Менің Отбасым» атты фотокөрме, ал қалалық емханаларда Ашық есік күндері өтеді.
6 қыркүйекте қаланың барлық мектептерінде «Отбасы – Бақыт мекені» сынып сағаттары, сондай-ақ отбасы тақырыбында шығарма мен эссе жазудан байқаулар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар осы күні «Ұрпақ тәрбиесіндегі отбасылық құндылықтар» тақырыбында «Ата-аналар клубы» қалалық диалог алаңының 3-ші маусымының ашылуы өтті. Шара жақында ашылған «Жанұя» орталығында болды. Мұнда бір-бірінен бөлек тұратын ата-аналар үшін психологиялық консультациялар (сотқа дейінгі реттеу) ұйымдастырылды.
Сарыарқа ауданының АХАТ бөлімінде 55 және одан да көп жыл некеде тұрған ерлі-зайыптылар құрмет көрсетілді. Ал елордалық балалар үйінде тәрбиеленушілердің саны бір немесе бірнеше балаға азаяды. Себебі мұнда жаңа патронаттық отбасы құрылатын болады. Ал №3 Перинаталдық орталықта жаңа туған нәрестелерді салтанатты түрде тіркеу жүргізіледі.
Сондай-ақ 6-7 қыркүйекте М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының қызметкерлері арасында отбасылық фотосуреттер фестивалі өтеді.
7 қыркүйекте «Қазақстан» орталық концерт залында еліміздің Тұңғыш Президенті бекіткен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталады. Келесі күні «Жастар» сарайында «Денсаулық қалашығы» бастау алып, акция аясында аниматорлар мен қуыршақтардың қатысуымен концерттік бағдарлама, сондай-ақ отбасылық сайыс өткізіледі.
10 қыркүйекте «Жанұя» орталығында әйелдер көшбасшылығы мектебі, сонымен қатар мамандар учаскелік инспекторларға арналған семинар-тренинг өткізеді.
Күндіз № 2 өнер мектебі «Біз бақытты отбасы балаларымыз» атты концерттік бағдарламаға шақырады.
13 қыркүйекте Бурабай кентінде республикалық әкелер форумы, ал «Жанұя» орталығында «Отбасылық құндылықтар. Гендерлік мәдениетті қалыптастыру» тақырыбына үздік билборд эскизіне байқау өткізіледі.
Сонымен қатар күндіз қаланың бірнеше мектебінде «Әке, ана және мен – спорт сүйер жанұя» отбасылық эстафетасы өтеді.
21 қыркүйекте қаланың оқу орындарында Отбасы тәрбиесі туралы психологиялық тренинг, ал 30 қыркүйекте балалардың шығармашылық жұмыстарының көрмесін өткізу жоспарланған.