$ 494.87  520.65  4.91

Әйелін тосынсыймен алдаған күйеуі оны өлтіруге әрекет жасаған

Зардап шегушінің айтуынша, екеуі бақытты өмір сүрген. Ол әлі күнге дейін күйеуінің мұндай қылмысқа не үшін барғанын түсінбей отыр.

Ұлыбританияда ер адам әйеліне тосын сый жасаймын деп алдап, өлтірмек болған, деп хабарлайды Herald Publicist порталына сілтеме жасаған Sputniknew.kz ақпараттық порталы.

Ер адам әйеліне тосын сый жасайтындай болып, "көзіңді жұм" деп айтқан.

"Маған күшік сыйламайтын шығарсың", - деп әйелі сыйлық күтеді.

Алайда жігіттің ойында мүлдем басқа нәрсе болса керек. Ол көзін жұмып тұрған әйелінің тамағын пышақпен тіліп жібереді. Кейін өзі бірден жедел жәрдем шақырыпты. Дәрігерлер әйелін аман алып қалуға тырысқан кезде күйеуі полицияға жеткізілді.

Зардап шегушінің айтуынша, екеуі бақытты өмір сүрген. Ол әлі күнге дейін күйеуінің мұндай қылмысқа не үшін барғанын түсінбей отыр.

Алдын ала мәліметке сәйкес, ер адам әйелін өлтіріп, өзіне қол жұмсамақ болған. Жұмысынан айырылған соң, ипотекасын төлей алмаймын деп қорыққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары