$ 494.87  520.65  4.91

Сүйіктісімен ұрысып қалған павлодарлық жігіт 9 қабаттан секірмекші болған

Жас жігіт сүйген қызына сезімін дәлелдеу үшін балконның ернеуіне шығып алып, шетінде тұрған.

Павлодарда сүйіктісімен ұрысып қалған жігіт 9-қабаттан секіріп кетпек болды. Құтқарушыларға оны райынан қайтару үшін бір сағаттан аса уақыт қажет болды. Олар ер адамды соңғы сәтте құтқарып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Жас жігіт сүйген қызына сезімін дәлелдеу үшін балконның ернеуіне шығып алып, шетінде тұрған. 

Оқиға орнына шұғыл қызметтердің барлығы жетті. Полицейлер жігітті райынан қайтармақ болғанымен, нәтиже болмады. Осы кезде құтқарушылар пәтердің есігін бұзып кіріп, жігітті соңғы сәтте күртесінің жағасынан ұстап үлгеріп, құтқарды.

Қазіргі уақытта биіктен секіріп өлмек болған жігітпен психиатр дәрігерлер жұмыс істеуде.

«Бектұров көшесінде ер адамның 9-қабаттың балконынан секіргелі жатқаны туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына жедел тергеу тобы мен шұғыл қызметтер жіберілді. Ер адам бұрын сотталған. Оқиға кезінде мас болған», - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілі Алма Мұсабекова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары