$ 494.87  520.65  4.91

Арқалықтағы топтық зорлау оқиғасы бойынша қылмыстық іс қайта қозғалды

Ауылда 14 ер адам бір қызды зорлаған.

Арқалық қаласында болған топтық зорлау фактісі бойынша тергеп-тексеру ісі қайта қаралып жатыр. Бұл туралы Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады. 

"2019 жылдың 6 қыркүйегінде Қостанай облысы прокуратурасының нұсқауы бойынша 22 жастағы бойжеткенге қатысты топтық зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қайта қаралуда. Полиция департаментіне қажетті бірқатар тергеу əрекеттерін жүргізу тапсырылды. Істің барысы облыс прокуратурасының бақылауында тұр", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Ұлттық кеңестің алғашқы отырысында адвокат Айман Омарова президентке Арқалық қаласы маңындағы ауылда болған зорлық оқиғасы жайлы айтып берген еді.

Ауылда 14 ер адам бір қызды зорлаған. Қыз босанып алған, ал полиция зорлағандарды қамауға да алмаған.

Дереккөз: BAQ:KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Арқалық