$ 444.22  476.38  4.82

Ақмола облысында Қажымұқанға ескерткіш орнатылды

Ақмола облысының Степногор қаласында қазақтың атақты палуаны Қажымұқан Мұңайтпасовқа ескерткіш орнатылды.

Ақмола облысының Степногор қаласында қазақтың атақты палуаны Қажымұқан Мұңайтпасовқа ескерткіш орнатылды. Бұл туралы қала әкімі Еркебұлан Баяхметов Facebook парақшасында жазды. 

Степногор қаласының 55 жылдығын меркелеу шеңберінде Спорт сарайының алында орнатылған ескерткіштің ашылуына қала әкімі Еркебұлан Баяхметов, Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Әлібек Баймағамбетов және мүсіннің авторы - Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, профессор Азат Баярлин қатысып, сөз сөйледі. 

Ескерткіш граниттен жасалған. Қола мүсіннің биікті - 2,5 метр, постаментімен қосқанда жалпы биіктігі 4 метрді құрайды. Салмағы - 23,5 тонна.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары