Жаңалықтар 08.09.2019 сағат 05:04

Билік партиясы Алматыда айтыс өткізді (ВИДЕО)

Одақтың хабарлауынша, бұл айтыс биліктегі "Нұр Отан партиясының қолдауымен Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласы аясында өтпек.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

30 қыркүйек күні Алматы қаласындағы  "Республика сарайында" сағат 19:00-де "Отан отбасынан басталады" атты тұңғыш отбасылық ақындар айтысы өтеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы хабарлады. 

Одақтың хабарлауынша, бұл айтыс биліктегі "Нұр Отан партиясының қолдауымен Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласы аясында өтпек. 

"Елбасының рухани жаңғыру мақаласы аясында өтетін жыр сайысының мақсаты- ұлттық құндылықтарды ұлықтап, төл өнеріміздің өркен жайғаны сонша, бір отбасынан бірнеше мықты айтыскер шығып отырғанын дәріптеу. Бұл додада Егеухан Мұқамәдиқызы немересі Ардагерей Кәпұлымен,  Бекарыс Шойбеков інісі Дәуренмен, Рүстем Қайыртайұлы әкесі Қайыртаймен, Иранғайып Күзембаев ағасы Талғатпен, Дидар Қамиев інісі Ұланғасырмен, Ержан Әміров інісі  Бекжанмен, Амангелді Панабердиев  ағасы Серікболмен  айтысады. Кештің арнайы қонағы Төрағали Төрәлі.

Отбасындағы тәрбие, ата мен ананың үлгісі, сыйластық пен жарасым, ауыл мен қала тұрмысындағы ерекшеліктер, нарық заманына бейімделудің көріністері, бала тәрбиесі, жаңа, жас ұрпаққа білім берудің өзекті мәселелері секілді іргелі тақырыптар айтыс өзегіне айналады. Тапқырлық, ұтқырлық, көркемділік, суырып салу – айтысты бағалаудағы басты талаптары. Айтыстың бас бемеушісі – "Нұр Отан" партиясы. Ақпараттық қолдау көрсетуші  - "Қазақстан" ұлттық арнасы. Айтыс Алматы қаласында 30 қыркүйек күні «Республика сарайында» сағат 19:00-де басталады. Билеттер Алматы қаласындағы барлық кассаларда сатылады", - делінген одақтың хабарламасында.   

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар