$ 447.4  477.55  4.76

Нұр-Сұлтан әкімі күннің суығына қарамастан, жұртпен бірге жүгірді

Бас қалада өткен марафон туралы шаһар басшысы өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазып, шарадағы фотоларымен бөлісті.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов спортқұмар елордалық тұрғындармен бірге күннің салқындығына қарамастан 10 шақырым жерді жүгіріп өтті, деп хабарлайды NUR.KZ.

Бүгін, 8 қыркүйек күні бас қалада өткен марафон туралы шаһар басшысы өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазып, шарадағы фотоларымен бөлісті.

«Елордада спортпен тұрақты түрде шұғылданатын азаматтардың қатары көбеюде. Бұл бізді қуантады. Елбасы жариялаған жастар жылы мұндай ауқымды шара еліміз бойынша спортсүйер жастардың басқосуына мүмкіндік берді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде бұқаралық спорттың дамуын жүйелі түрде қолдайтынын атап өтті.

Біз өз тарапымыздан спорттың қай түріне болмасын қолдау көрсетіп, қажетті инфрақұрылымдарды дамытуға күш саламыз. Баршаңызды спортпен шұғылдануға шақырамын!» – деді ол өз жазбасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары