$ 494.87  520.65  4.91

Ұрлап, өлтіріп кеткен: 3 жасар баланың өліміне қатысты күдіктіге республикалық іздеу жарияланды

Осы іске қатысты 1996 жылы туған Сопыжанов Игентай Кәрімұлына республикалық іздеу салынды.

8 қыркүйек күні 3 жасар баланың өліміне байланысты Қарағанды облысы полиция департаменті  шұғыл брифинг өткізді. Қылмысқа күдікті азаматқа республикалық іздеу жарияланғаны хабарланды. 

«Бүгін Шет ауданы, Бұрма елдімекенінің маңынан жас баланың мәйіті табылды. Денесі ауыл шетіндегі орман бұтақтарымен жабылған. Өлімнің нақты себебі сараптамадан соң айтылады. 

Осы іске қатысты 1996 жылы туған Сопыжанов Игентай Кәрімұлына республикалық іздеу салынды.  Оған баланы ұрлап, өлтірді деген айып тағылып отыр», - деді Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.

Сәбиді іздеуге 600-ден астам полиция қызметкері, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен кинологтар қатысты. Квадрокоптер пайдаланылған. 

Айта кетейік, баланың анасы мен күдікті жігіт кездесіп жүрген. Жақын қарым-қатынаста болған. Күдікті бұрын әйелдің туысын өлтіріп, 4 жылға сотталып шыққаны анықталды. 

Еске сала кетейік, сәби 5 қырқүйек күні жоғалып кеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#адам өлімі