Соңғы күндері алматылық көлік жүргізушілер АИ-92 маркалы отынды тек 20 литр ғана құя алады, деп хабарлайды «Алматы» телеарнасы.
«Газпром нефть» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жанармай құю бекеттерінде сұйық отын сату мөлшері шектелді. Мөлшерден артық бензинді бекет қызметкері бермейді. Тіпті, компания арнайы тақтайшаға мәліметті жазып та қойған. Әзірге мұның себебі белгісіз.
Еске сала кетсек, өткен айда ел Үкіметі отандық мұнай өнімдерін экспорттауға уақытша тыйым салған болатын. Ал Кедендік одаққа қатысушы мемлекеттер арасында бұл құжат Еуразиялық экономикалық комиссия назарына ұсынылған. Биліктің мұндай байламға келуіне ішкі нарықтағы мұнай өнімдерінің тапшылығы себеп болған.