$ 494.87  520.65  4.91

Ресей Байқоңырдың табиғатына енді алаңдап жатыр

Ресей Үкіметі «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы қоршаған ортаны қорғау саласында Ресей мен Қазақстанның өзара іс-қимылдары туралы хаттаманы мақұлдады, деп хабарлайды «Қазақпарат» ресейлік басылымға сілтеме жасап.

«Ресей СІМ қатысуымен қазақстандық тараппен келіссөздер жүргізу «Ресейғарышқа» тапсырылысын. Қол жеткізілген уағдаластықтар бойынша түбегейлі өзгерістерді қамтымайтын ұсыныстарды енгізуге рұқсат беріп, аталған хаттамаға Ресей Федерациясы Үкіметі атынан қол қойсын», делінген құжатта.

«Байқоңыр» кешені аумағындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың, әскери бөлімдердің, басқа да заңды тұлғалардың қызмет тәртібі туралы РФ мен ҚР Үкіметтері арасындағы келісімге сәйкес, қоршаған ортаны, табиғатты қорғау мәселелерімен Федералды ғарыш агенттігі және Қазақстанның Қоршаған орта және су ресрустары министрлігі айналысатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары