$ 494.87  520.65  4.91

«Алматы аруы-2018» тұрмысқа шықты (ВИДЕО)

Кеш қонақтары салтанатты кештен кадрлармен өздерінің Instagram Stories-де бөліскен.

"Алматы аруы-2018" атанған Камилла Қожаханова өмірлік серігін тауып, отбасын құрды. Жұбайлардың үйлену тойы оңтүстік астанадағы элиталық қонақ үйлердің бірінде өткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кеш қонақтары салтанатты кештен кадрлармен өздерінің Instagram Stories-де бөліскен. Камилла Қожаханова бұл күні ерекеше сұлу көрінген.

19 жастағы ару той қонақтарының алдына басына оқ орамал жапқан күйі шығып, қызыл кілеммен жүріп өткен.

Той замануи стилде өткенімен қазақтың салт-дәстүрлері сақталған. 

Еске сала кетейік, бұған дейін сұлулық байқауларының үш жеңімпазына сүйіктілері тұрмысқа шығуға ұсыныс жасағанын хабарлаған едік.

Олар "Алматы аруы-2017" Сабина Әзімбаева, "Алматы аруы-2018" Альмира Өтегенова және "Алматы аруы-2014" Регина Вандышева.

Айта кетейік, Регина Вандышеваның тойы Италияда дүркіреп өткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы