Түркістанда қатты жол апаты болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тас жолда кетіп бара жатқан Нексия көлігінің жүргізіушісі ұйықтап кетіп, ауыр жол апаты болды. 4 жолаушысы бар көлік жол жиегінде аударылып, жолаушылар зардап шеккен.
Түркістан облысында болған оқиға салдарынан 3 өзбекстандық азамат көз жұмды. Екі келіншек оқиға орнында қайтыс болса, тағы бір жолаушы Ордабасы аудандық ауруханасында жан тапсырған.
Апаттан тек көлік жүргізушісі ғана аман қалған. Ол Ордабасы аудандық ауруханасында ем алуда. Бұл туралы облыстық полиция департаменті өкілдері айтып берді.
"Апатқа ұшыраған көлік Өзбекстанға тиесілі. Қазіргі таңда осы жол көлік оқиғасына қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша тергеу амалдары жүргізілуде", - дейді полиция департаментінің өкілдері.