$ 494.87  520.65  4.91

Тамыз айының үздік спортшысы кім?

Жанкүйерлер тамыз айындағы үздік спортшы атағына Ришат Хайбуллинді лайық деп тапты.

Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ресми сайтында «Тамыз  айының үздік спортшысына» дауыс беру аяқталды. Жанкүйерлер тамыз айындағы үздік спортшы атағына Ришат Хайбуллинді лайық деп тапты. 

Айдың үздігі атануға барлығы бес спортшы үміткер болды. Олар: Ришат Хайбуллин (спорттық құзға өрмелеу), Елдос Сметов (дзюдо), Юрий Натаров (велоспорт), Әлішер Ерғали (еркін күрес), Алмат Кебіспаев (грек-рим күресі). 

Дауыс беру 9 қыркүйек күні сағат 13.00-де аяқталды. Нәтижесінде 47,72 пайыз дауыс жинаған Ришат Хайбуллин жеңімпаз атанды. Екінші орынға 25,21 пайыз дауыспен Әлішер Ерғали, үшінші сатыға 19,44 пайыз дауыспен Елдос Сметов орналасқан. 

Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитеті Ришат Хайбуллин мен үздік атануға үміткер болған барлық спортшыны құттықтай отырып, Олимпиада қарсаңындағы маусымда сәттілік тілейді. 

Дереккөз: BAQ.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Казспорт